Юрий Назаров Қазақстанмен мұнай бойынша келіссөздер жүргізеді

602

Құжат ұлттық құқықтық интернет порталында жарияланған. 

Юрий Назаров Қазақстанмен мұнай бойынша келіссөздер жүргізеді

Белорусь вице-премьері Юрий Назаров Қазақстан мұнайын тасымалдау туралы үкіметаралық келіссөздерді жүргізу құқығына ие болды. 

Бұл шешім аталған елдің ұлттық құқықтық интернет порталында жарияланған №536 қаулыда бекітілген. 

"Министрлер кеңесі премьер-министрдің орынбасары Юрий Назаровты мұнай мен мұнай өнімдерін   тасымалдау бойынша Белорусь пен Қазақстанның үкімет аралық  сауда-экономикалық келіссөздеріне қатысу уәкілеттігін растайды, қатаң мәнге ие емес жағдайда оған өзгеріс енгізуге рұқсат береді", - деп жазылған құжатта. 

Сонымен қатар Назаров жоба аясында келісімге қол жеткізген жағдайда құжатқа қол қоя алады. 
       
Еске сала кетсек, Белорусия Юрий Назаровтан бұрын бұл міндет Белорусияның бірінші вице-премьеры Дмитрий Крутойға жүктелген болатын. Кейін ол Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 

Құралай Құдайбереген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу