Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ауруханаға жатқызылуы туралы ақпаратқа байланысты брифинг өтті.
Хирургия бөлімінің директоры Юрий Пя Тұғыш Президеттің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның айтуынша, ота өткен жылы жоспарланған.
"Бүгін жоспарлы операция болды. Ол сәтті өтті. Еліміздің медицинасына азаматтарымыз ғана емес, ел басшылығы да сеніммен қарайды. Бұл мақтанатын жағдай", - деді Юрий Пя.
Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жақсы. Жақын арада ауруханадан шығарылады.
Ота шамамен 2,5 сағатқа созылды.
"Бұны операция емес, медициналық диагностикалық процедура деп атаса болады", - деді Юрий Пя.
Еске сала кетсек, 20 қаңтар Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғанын мәлімдеді.