Юрий Шатунов 49 жасқа қараған шағында қайтыс болды

597

Ресейлік БАҚ әнші Юрий Шатуновтың қайтыс болғаны туралы жазып жатыр.

Юрий Шатунов 49 жасқа қараған шағында қайтыс болды

БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, әнші Мәскеудегі ауруханалардың бірінде жүрек ауруынан көз жұмған. Ол 6 қыркүйекте 49 жасқа толар еді.

Юрий Шатунов – ресейлік музыкант, әнші және композитор, аты аңызға айналған "Ласковый май" тобының солисі ретінде танымал болды. Бұл топ Кеңес Одағы кезіндегі балалардан құралған алғашқы топ болуымен ерекше есте қалған. Шатунов сүйікті әнші ғана емес, оның әндерін тыңдап өскен буын үшін бір дәуірдің символындай. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу