Будапештте күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық балуан Юсуп Батырмурзаев әлем біріншілігінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Дүниежүзілік біріншіліктің жұбаныш белдесуінде Батырмурзаев Молдова спортшысы Самхана Джабраиловадан басым түсті. Кіші финалда ол грузиялық күрес шебері Зурико Урташвилиді 13:2 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды.
Айта кетейік, дәл осы әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық балуан Адлан Асқаров ел қоржынына күміс жүлдені салған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу