Юсуп Батырмұрзаев Олимпиадаға іріктеу турнирін жеңіспен бастады

714

Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирінде қазақстандық еркін күрес шебері Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) жартылай финалға өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Юсуп Батырмұрзаев Олимпиадаға іріктеу турнирін жеңіспен бастады

"Батырмұрзаев турнирді ширек финалдан бастап, Оңтүстік Корея өкілімен кездескен болатын. 2020 жылғы Азия чемпионы саналатын Юсуп айтарлықтай атағы жоқ қарсыласын мерзімінен бұрын, 10:0 есебімен жеңді",– деп жазылған комитет сайтында.

Айта кетелік, бұған дейін Азамат Дәулетбеков те бірінші белдесуін таза жеңіспен аяқтаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу