Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

280

Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Нұриддин Аманқұлды аймақ активіне таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нұриддин Аманқұлұлы 1986 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. К.Сағадиев атындағы халықаралық бизнес университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған, экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2007 жылы Халықаралық саясат институтында сарапшы ретінде бастап, кейін мемлекеттік және халықаралық инвестициялық-қаржылық ұйымдарда жауапты қызмет атқарған.

2012-2018 жылдары "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінде департамент директоры, басқарушы директор және Ыстанбұл қаласындағы инвестициялық өкіл болған.

2018-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінде шетелдік инвестициялар тарту басқармасын басқарды, сондай-ақ Қазақстанның Түркия Республикасындағы елшілігінде бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында еңбек етті.

2023 жылдың маусым айынан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы бас консулы қызметін атқарды.

Мұрат Нәлқожаұлы жаңа орынбасарына өңірдің кәсіпкерлік, туризм және аграрлық әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу