Z белгісі бар көліктерді өртеген Омбы тұрғыны 15 жылға сотталды

321

Сотталушы өз әрекетін Украинадағы соғысты қолдамайтынымен түсіндірген. 

Z белгісі бар көліктерді өртеген Омбы тұрғыны 15 жылға сотталды Фото: Inbusiness.kz

1-ші Шығыс округтік әскери соты ер адамды РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабына сәйкес (ірі мүліктік залал келтірген өрт қою) кінәлі деп танып, оны 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Федералдық қауіпсіздік қызметінің Омбы басқармасының өкілі Ирина Руснактың айтуынша, сотталған адамның аты-жөні Смольянинов А. В.

Жақында "ОВД-Инфо" жобасында Z белгісі бар бірнеше көлікті өртеген Омбының 45 жастағы тұрғыны Антон Смольянинов қамауға алынғаны туралы айтылған.

Тергеушілердің мәліметінше, Смольянинов 2022 жылдың 7 және 12 қазанында және 7 қарашасында соғысты қолдау белгілері бар көліктерді өртеген. Сондай-ақ ол трансформатор буткасын өртеп жіберді деген күдікпен ұсталған.

Сотталушы өз әрекетін Украинадағы соғысты қолдамайтынымен түсіндірген.  Ер адам Ресей басқыншылығын қолдаған қолдаған адамдарға зиян келтіру үшін көліктерін өртеп жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу