"Z" ұрпағы деген кім?

4278

Министр 1995 жылдан кейін туған жастардың ерекшелігін атады.  

"Z" ұрпағы деген кім?

Қазақстан халқының 21%-ын жастар құрайды. Олардың 1 млн 181 мыңы -14-18, 1 млн 160 мыңы -19-23, 1 млн 500 мыңы 24-29 жас аралығындағы азаматтар. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, 1995 жылдан кейін туған жастар "Z" ұрпағына жатады. 

"Z" ұрпағы цифрлық қызметтерді тұтынады. Олардың еңбекке, ақша мен бос уақытын өткізуге деген ұстанымдары қалыптасқан дәстүрлі көзқарастардан өзгеше. Олар жұмысты көбінесе үйде істеуге бейім. Мұндай жастар  мобильді және тұрғылықты жерін жиі өзгертуге әуес. Шетелдік әлеуметтанушылардың айтуынша, абсолюттік мәнде бұл өте кедей, бірақ ең табысты ұрпақ. Алдыңғы буынмен салыстырғанда олардың жылжымайтын мүлкі немесе көлігі жоқ, бірақ ыңғайлы апартаменттерді жалға алып тұруға мүмкіндігі бар. "Z" ұрпағы Uber қосымшасын пайдаланады, қиын-қыстау кезге ақша жинамайды. Есесіне әлемді емін-еркін, туристік жолдамасыз аралайды", – деді Дәурен Абаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу