4 тамыз күні Астанадан Blind Race Astana – Paris веломарафоны бастау алады. Веломарафон 6 ел мен 30 қаланы басып өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
"Шектеусіз мүмкіндіктер әлемі!" ұранымен зағип және нашар көретін велошабандоздар Астанадан Парижге дейін шамамен 5000 шақырым қашықтықты еңсермек. Веломарафон 6 ел мен 30 қаланы басып өтіп, әлемнің екі шетін байланыстырмақ. Жобаны насихаттау, достық қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында ірі 11 қалада қоғам өкілдерімен, ерекше қажеттілігі бар адамдармен, спортшылар және БАҚ өкілдері мен кездесу өткізіледі.
Blind Race Astana – Paris веломарафоны 4 тамыз күні, сағат 12:00-де "Қазақ елі" монументі алдынан салтанатты бастау алады.
Жобаға қатысушылар мәре сызығын қыркүйек айының ортасында веложарыс отаны саналатын – Париж аяқтауды жоспарлауда.