Зағип жандардан құралған веломарафоншылар Астанадан Парижге жолға шықты

781

Қатысушылар 6 мың км жолды жүріп өтеді және 6 елді қамтиды, оның ішінде Ресей, Беларусь, Польша, Германия бар. 

Зағип жандардан құралған веломарафоншылар Астанадан Парижге жолға шықты

Бүгін "Қазақ елі" монументінің алаңында зағип және көзі нашар көретін велосипедшілердің қатысуымен Blind Race Astana – Paris халықаралық веломарафоны басталды. Марафон "Шекарасыз спорт" жобасы аясында өтуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

6 – аталмыш марафон үшін ерекше цифр. Жолға 16 адамнан тұратын команда шықты, оның 6-уы – зағип және көзі нашар көреді.

Қатысушылар 6 мың км жолды жүріп өтеді және 6 елді қамтиды, оның ішінде Ресей, Беларусь, Польша, Германия бар. 

"Біз мұны мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүмкіндігі шексіз екендігін көрсете отырып, әркімнің өмірде өз жолын таңдауына болатынын түсіндірмекпіз. Біздің команданың ұраны – "Мақсатың болса – кедергілер ештеңе емес", - деді "Шекарасыз спорт" жобасының басшысы Бахтияр Базарбеков. 

Оның айтуынша, спортшылар жыл бойы дайындалған, дайындық тұрақты түрде жүргізілген. 

"Біз спортпен үш жылдан бері айналысып келеміз, таңғы сағат 4 пен 5-те тұрамыз, себебі, жаттығуға уақыт табу қиын. Шараны ұйымдастырушыларға көп рахмет, олар бізді қолдап, жеңіске рухтандырды. Меніңше біз жерге қаратпаймыз және туымызды Парижде мақтанышпен көкке көтеретін боламыз", - деп жалғастырды Бахтияр Базарбеков.   

Велосипедшілер командасы үшін – бұл үшінші марафон. Мұның алдын олар тек Алматы мен Ыстықкөлді ғана қамтыса, бұл жолы спортшылар ірі қалаларды айналып өтпек, яғни Мәскеу, Минск, Варшава, Берлин, Франкфурт-на-Майне және Париж. Олар жарысты 8 қыркүйек күні аяқтайды. 

Айта кетейік, веломарафон мотивациялық платформа құруға бағытталған және өзге елдердің қоғамдық бірлестігімен тәжірибе алмасудағы патриоттық бастамасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу