Зағипа Балиева ЭКҰ зардабы туралы жариялауды талап етті

1226

Парламентаридің айтуынша тек Ресейде ғана ЭКҰ-дан болған сәтсіз жағдайлар туралы ақпараттар таралады екен.

Зағипа Балиева ЭКҰ зардабы туралы жариялауды талап етті

Жасанды ұрықтандырудың (ЭКҰ-ред.) зардабы туралы мәліметтерді ашық түрде жариялауға міндеттісіздер! Мәжілістегі жиында депутат Зағипа Балиева денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа осындай талап қойды.

Парламентаридің айтуынша тек Ресейде ғана ЭКҰ-дан болған сәтсіз жағдайлар туралы ақпараттар таралады екен.

Мәжілістегі бұл жиын негізінен "Халық денсаулығы және денсаулықты сақтау жүйесі" туралы кодекстің таныстырылымына арналған.

Айта кетсек, дәл осы құжат қоғамның наразылығын тудырған еді. Кейбір тұрғындар заң жобасында көрсетілген "Вакцина егуді бәріне бірдей міндеттеу" мәселесіне қарсы болған. Ал минстрдің өзі болса, кодекстің артық-кемі жоқ және бұл медицина саласына оң әсер етеріне сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу