Зағипа Бәлиева су тасқынынан жапа шеккендерге көмек берді

604

Зағипа Бәлиева су тасқынынан жапа шеккендерге көмек берді

Су тасқынынан еліміздің бірнеше аймағында төтенше жағдай жарияланды. Ақтөбе, Қарағанды және Ақмола облыстарының кей ауданы табиғи жағдайдан зардап шекті.

Осыған орай еліміздегі әртүрлі қоғамдық ұйымдар қол ұшын созып, көмек көрсетіп отыр. Солардың бірі – "Асыл бала" және балалардың құқығын қорғау ұйымы. Олар Ақтөбеде қиын жағдайға тап болған балаларға жарты миллион қаржы аударды.

Сонымен қатар Ақмола облысының Атбасар кенті мен Қарағанды облысындағы су жайлаған ауылдардағы балаларға қалың киімдер, төсек-орындар, қажетті жабдықтар жіберілді.

Зағипа Бәлиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі:

"Мемлекетке бағынбайтын ұйымдар бәрі бірігіп, 3 аймаққа көмектесіп жатыр. Қазір Қарағанды облысында – 72 бала, Ақмола облысында – 266 бала, Ақтөбе облысында – 236 бала. Депутаттар да атсалысып, Ақтөбе облысындағы аймаққа 500 мың теңге аудардық".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу