Зағипа Бәлиева жеткіншекті өзімен бірге елордаға алып келгенін мәлімдеді

993

Зағипа Бәлиева жеткіншекті өзімен бірге елордаға алып келгенін мәлімдеді

ОҚО Сарыағаш ауданында зорлыққа ұшырады делінген жеті жастағы оқушы бала жақындарымен бірге Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz.

Еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Бәлиева Шымкентке арнайы барып, келеңсіз оқиғаға душар болған жеткіншекті өзімен бірге елордаға алып келгенін мәлімдеді.

Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі, парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева аталған іске қатысты тілшілерге қысқа ғана жауап беріп, тағдыры тәлкекке ұшыраған баланың елордада тиісті мамандардың назарында екенін айтты.

"Біз бұл мәселеге қатысты бірнеше маманды шақырамыз. Білім министрлігі мен ішкі істер министрлігінің де өкілдері келеді. Олар барлық сұрақтарға толық жауап беруі тиіс. Бүгін мен бір сағат ғана ұйықтадым. Сондықтан демалып алып, ертең арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырамыз", - дейді Бәлиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу