Зайсан Ақсуатқа жақындап келеді

912

Зайсан Ақсуатқа жақындап келеді

2012 жылдан бері Зайсанның суы біртіндеп көтеріліп Күршімнің Ақсуат ауылындағы үйлерге жақындап келеді. Жағалаудың жарқабақтары опырылып құлап, жағадағы үйлер суға кетудің алдында тұр, деп хабарлайды altaynews.kz.
Тиісті органдардан қанша рет комиссия келіп, зерттеп кеткенімен, бір шешімін айтпаған. Екпіні қатты толқынға сәл де болса тосқауыл қою үшін тұрғындар жағалаудың бойына ескі көліктердің қаңқасын тастап, жарқабақтардың құламауына қолдан келгенше кедергі жасап бағуда. Бірақ көлдің күші кедергілерді бұйым құрлы көрмей тұр.
Осыдан үш -төрт жыл бұрын осы ауылдағы жарқабақпен бірге көлге құлап түскен баспаналардың орнына төрт үй салынған болатын. Бастапқыда алты үй салынады деп жобаланғанымен, төрт үйдің ғана қабырғасы қаланған. Екеуінің іргетасы құйылған қалпы салынбай қалған. 
Қазіргі күні жағалауда тұрған алты үйге қауіп төніп тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу