Өрт шыққан кезде №25 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына жеткенге дейін, үй иелерінің көршісі Талғат Мүсірат батыл әрекет етіп, терезе арқылы үйге кіріп, 68 жастағы әжені және 1, 4, 5 және 7 жастағы төрт баланы қауіпсіз жерге шығарды. Осылайша, ол бес адамның өмірін құтқарып қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 30 шаршы метр аумақтағы қызыл жалынды толықтай ауыздықтап, зардап шеккендер болмады. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт электр жабдықтарын монтаждау мен пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан шыққан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу