Зайсан ауданында мүгедектігі бар азаматтар үшін "Инватакси" қызметі іске қосылды

213

45 азаматқа медициналық көмекке қолжетімділік артты.

Зайсан ауданында мүгедектігі бар азаматтар үшін "Инватакси" қызметі іске қосылды Фото: qaz-media.kz

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысы аясында Зайсан ауданында мүгедектігі бар адамдардың медициналық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зайсан ауданы прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде денсаулық жағдайына байланысты өздігінен жүріп-тұруға және қажетті медициналық көмек алу үшін денсаулық сақтау ұйымдарына баруға мүмкіндігі жоқ 45 мүгедектігі бар азамат анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде аудан әкімдігі тарапынан аталған мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттен 26 млн теңге бөлінді.

Бөлінген қаражат есебінен арнайы жабдықталған "Инватакси" автокөлігін сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, тиісті шарт жасалды. Қазіргі уақытта мамандандырылған автокөлік ауданға жеткізілді.

Қабылданған шаралар мүгедектігі бар азаматтардың медициналық және әлеуметтік қызметтерге кедергісіз қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу