Зайсан қаласында екі балдық жер сілкінісі тіркелді

1041

Қазақстан мен Қытай шекарасында сенбі күні сағат 17:30-да магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады республика Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы. 

Зайсан қаласында екі балдық жер сілкінісі тіркелді

Зайсан қаласы мен Күршім ауылында (Шығыс Қазақстан облысы) жер асты дүмпулері 2 балға дейін сезілді, делінген ақпаратта.

Энергия класы 11.0 жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 829 шақырым жерде орналасқан. Эпицентр координаттары солтүстік ендік 47,27 градус, шығыс бойлық 85,74 градус.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу