Зайсан қаласында ет комбинаты іске қосылады

1407

Зайсан қаласында ет комбинаты іске қосылады

Шығыс Қазақстан облысындағы жылына 330 тоннаға дейін ет өңдейтін кәсіпорынның өнімдері негізінен экспортқа шығарылады, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Қазір мал сою цехы мен зертхана жұмысын бастап кеткен. Мұнда жергілікті тұрғындар еңбек етіп жатыр. Алдағы уақытта қосымша құрал-жабдықтар орнатылып, жоғарғы сапалы ет өнімдерін өңдейтін цехтар іске қосылады. Ал, мемлекет инфрақұрылымдық жүйелер тартуға кеткен қаражаттың жартысын субсидиялайды.

"Болашақта осы жерден ет өнімдерінен консерві және колбаса жасауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда нақты ашылған жұмыс орны 8 адамға, болашақта 20-25 адамға жұмыс беруді көздеп отырмыз", - дейді ет комбинатының өндірістік директоры Азамат Жанымхан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу