Зайсан қаласында қайғылы жағдай орын алды

1542

Кәріз құдығында тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмыскер метан газымен уланды.

Зайсан қаласында қайғылы жағдай орын алды

Зайсан қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің және 43-өрт бөлімшесінің құтқарушылары кәріз құдығында метан газынан уланған "Зайсан" ККМК жұмыскерін құтқаруды.

12 маусым күні сағат 15.45-те Зайсан қаласында қайғылы жағдай болды. Спамбетов көшесіндегі тұрғын үйіне жақын жерде орналасқан кәріз құдығында тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмыскер метан газымен уланды.

Жұмыскер тазалау жұмысын жеке қорғану құралдарынсыз жасаған. 1974 жылы туған слесарь оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ құтқарушылар құдықтан 1981 жылғы жүргізуші мен 32 жастағы дәнекерлеушіні де алып шыққан.  

Құтқарушылар жабық тұрған орын-жайда газ концентрациясы 30%-дан жоғары болса, ал көмір қышқыл газының көлемі 20%-ға дейін төмендеп кететін болса, метаннан улану мүмкін екенін айтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу