Зайсан көлінде жоғалған екі ер адамның денесі табылды

166

Ауа райының қолайсыздығы іздеу жұмыстарына кедергі келтірді.  

Зайсан көлінде жоғалған екі ер адамның денесі табылды Фото: Бейнежазбадан

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында Зайсан көлінде жоғалып кеткен екі ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар 22 қыркүйекте Балықшы ауылдық округінен балық аулауға шығып, қайтып оралмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен жергілікті тұрғындар бірнеше күн бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Алғашқы күні жағалаудан 3-4 шақырым қашықтықта суға батқан қайық табылды.

29 қыркүйекте жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған ер адамның денесін тапты. Ал 30 қыркүйекте құтқарушылар 1979 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты.

Іздестіру барысында ТЖМ құтқарушылары 63 рет сүңгу жұмыстарын жүргізіп, жағалау сызығы мен көл акваториясын тексерді. Іздеу кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттары да пайдаланылды.

Құтқарушылардың жұмысына қолайсыз ауа райы, қатты жел, жоғары толқын және тексерілетін аумақтың үлкен болуы кедергі келтірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу