Зайсан көлінің көтерілуі маңындағы ауылдарға қауіп төндіріп тұр

1361

Зайсан көлінің көтерілуі маңындағы ауылдарға қауіп төндіріп тұр

Соңғы 3-4 жылда Зайсан көлі күрт көтеріліп, ауылдың бір шеті түгел суға кеткен. Қазір кейбір үйлердің іргетасын толқын соғып жатыр, деп хабарлайды khabar.kz.

2015 жылы аудан әкімдігі қауіп төнгенде, 4 отбасыға ауыл шетінен жаңа баспана салып берген. Бірақ жағадағы басқа үйлерді көшіруге қаржы жетпей қалған. Сондықтан Күршім ауданының әкімдігі бұл мәселе облыстық деңгейде шешілуге тиіс екенін айтады.

Ақсуаттың байырғы тұрғындарының айтуынша, ауыл жағадан бірнеше рет көшірілген. 1950 жылдары ең алғаш ауыл құрылғанда, жаға шамамен 3 шақырымдай алыста болған. Орталық көшеде электр сымдары орнатылған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы 15-20 жылда жиырмаға жуық үй суға кеткен. Қазір кейбір үйлер жағаға 2 метрдей жақындықта қалған. 2014 жылы Күршім ауданы әкімдігі жағадағы қауіп төнген 6 үйді көшіріп, баспана салу туралы шешім қабылдайды. Дегенмен қаржы 4 отбасыға ғана жетеді.

"Бүгінгі уақытта тек Ақсуат ауылының өзіне 22 үй салу қажет. Егер 22 үйді қалпына келтірсе, онда мектеп те жабылмайды. Облыстық төтенше жағдай да мұны біледі. Облыс әкімінің орынбасарлары да бұл жағдайдан хабардар. Өз тарапынан тиісті шара қолданар деген ойдамын", - дейді Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Шоқаев.

Тиісті шара қолдану үшін Күршім ауданының әкімі облыстағы барлық құзырлы органдарға хат жазған. Екі жыл бұрын 22 үйді салуға 51 миллион теңге қаржат қажет екенін есептеп, жобасын дайындаған. Алайда аудан қазынасының қалтасы бұл қаржыны көтермейтіндіктен, бүгінге дейін тек қағаз жүзінде қалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу