Зайсанда апорт алмасы өсіріледі

1466

Аймақ басшысы аудан әкіміне тапсырма берді.

Зайсанда апорт алмасы өсіріледі

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында апорт алмасы өсіріледі, деп хабарлайды  altaynews.kz.

Бағбандық кәсіпті қолға алған Дәулеткелді Сәкібаев есімді аудан тұрғыны апорт егіуді жоспарлап отыр. Алматылық алма алдағы он жыл ішінде жеміс береді дейді. Айтуынша, аудан әкімі Серік Ақтанов қолдау білдіріп, 10 гектар жер бөліп берген көрінеді.

Шаруашылық көлемін ұлғайтуды ойлаған кәсіпкер облыс әкімінің жеке қабылдауында болып, өтінішін айтты.

"Енді 200 гектар жер берілсе. Алдын ала зерттеп көрдік. Еңбегіміз өз жемісін береді", – деді ол.

Дәулеткелді Ташкенұлының еңбекқорлығын жоғары бағалаған аймақ басшысы аудан әкіміне тапсырма берді.

"Серік (Ақтанов), ерінбей еңбек етуге дайын адамға қашан да қолдау білдіру керек. Шаруаның жай-күйін зерттеп көр. Істің өнімділігіне көз жеткізген соң, қажет жерді бөліп бер", – деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, бүгін Даниал Ахметов жеке мәселелерін айта келген облыс тұрғындарын қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу