Зайсанда ірі қара мал арасында құтыру ауруы тіркелді

78

Індет түлкі арқылы тараған.    

Зайсанда ірі қара мал арасында құтыру ауруы тіркелді Фото: liter.kz

Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зайсан ауданы аумағында түлкі тістеген ірі қара мал арасында құтыру ауруы тіркелді. 

Оның айтуынша, індет таратқан түлкі дереу ұсталып, диагностикалық зерттеу жасалған. Нәтижесінде жануардан құтыру вирусы анықталды. Ауру ошағы белгілі болған соң мамандар ірі қара мал басын жедел тексеруден өткізді. Зертханалық сараптама қорытындысы бойынша 5 сиырдың құтыру жұқтырғаны расталды.

Инфекция ошағында барлық қажетті эпизоотияға қарсы іс-шаралар шұғыл түрде жүргізілді.

Шектеу шаралары енгізіліп, жануарлар оқшауланды және кешенді санитарлық өңдеу жұмыстары атқарылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу