Зайсанда шаруалар мақсары өсіре бастады

1337

Зайсанда шаруалар мақсары өсіре бастады

Ал Шығыс Қазақстан облысындағы шаруалар мақсары өсірудің қыр-сырын меңгере бастады. Қазіргі таңда аталмыш дақылдан алынған майға сұраныс жоғары болып тұр. Осыны ескеркен Зайсан ауданының тұрғындары, шығыны аз, пайдасы мол мақсарыны биыл 50 гектарға егіп қойған. Аудан үшін жаңа дақылды Айнабұлақ ауылындағы кооператив өсіріп жатыр. Бірігіп, бірнеше бағытта жұмыс істеп жатқан азаматтардың айтуынша, мақсары – қалдықсыз өнім. Оның әр талшығын кәдеге жаратуға болады. Сонымен қатар, құрғақшылықтан қорқатын күнбағыспен салыстырғанда, мақсары егу өте тиімді. Бұл тез жерсінетін өсімдік. Зайсандық диқандар да оны қалай өсіріп, күтіп-баптауды жылдам үйреніп алыпты.

Күзгі өнімді жинау әлі ерте болса да, көрші Қытайдан сатып алушылар қазірден дайын көренеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу