Зайсанда жылқы іздеп, боранда адасқан ер адам табылды

472

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында жылқы іздеуге кетіп, боранда адасып кеткен ер адам табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  

Зайсанда жылқы іздеп, боранда адасқан ер адам табылды Фото: gov.kz

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 желтоқсанда сағат 08-00-де Зайсан ауданы Қарасай ауылында үйден жылқы іздеуге шыққан 21 жастағы сол күйі жігіт жоғалып кеткен.

"Хабар түсе салысымен құтқарушылар, полицейлер және жергілікті атқарушы орган өкілдері ер адамды іздеуге аттанды. Ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда аяз бен боранға қарамастан іздестіру жұмыстарына 11 адам мен 2 техника тартылған. Абырой болғанда, 14 желтоқсанда түнгі сағат 01:00-де адасып кеткен азамат аман-есен табылды", - делінген ақпаратта.

Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу