Зәкір Сафиуллин Олимпиадаға лицензия ұтып алды

1279

63 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан ол ширек финалда ирандық Ашкан Разайды ұтты.  

Зәкір Сафиуллин Олимпиадаға лицензия ұтып алды


Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Амманда өтіп жатқан аймақтық іріктеу турнирінде Олимпиада жоламасын жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

63 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан ол ширек финалда ирандық Ашкан Разайды ұтты. Нәтижесінде отандасымыз жарыстың жартылай финалына шығып, ел қоржынына тағы бір жолдаманы салды.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда қазақстандық боксшыларда алты жолдама бар. Оны Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Надежда Рябенц, Василий Левит, Бекзат Нұрдәулетов және Қамшыбек Қоңқабаев иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу