Заман-Банкі шариғат заңымен несие бермек

1564

Заман-Банкі  шариғат заңымен несие бермек

Ұлттық банк Заман-Банкіне ислам қаржы институты ретінде банктік және өзге де операцияларды орындау үшін лицензия берді, деп хабарлайды abctv.kz.

Басқарушы банктің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, рұқсат 18 тамызда берілген.

Енді банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпек. Заман-Банкі төрағасының орынбасары Диар Смағұлов бұған дейін хабарлағанындай, ұйым депозитке қаражат тартып, шариғат заңдарымен несие бермек.

Ұлттық Банктің мәліметінше, 2017 жылдың 1 шілдесіндегі көрсеткіш бойынша, Заман Банкі актив көлемі бойынша 33 позицияның ішінде 32 орында тұр. 

2013 жылы Заман-Банк пен жеке секторды дамыту Ислам корпорациясы (ICD) стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойған болатын. 

2013 жылдың қазанында акционерлік келісімге қол қойылып, алғашқы транш төленді. Осылайша, Заман-Банк еліміздегі екінші ислам банкі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу