Заман талабына сай қоқыс контейнері орнатыла бастады

1274

Заман талабына сай қоқыс контейнері орнатыла бастады

Елордада қоқыс жәшіктері жер астына орнатыла бастады. Мұндай жаңашылдықты Сарыарқа ауданының басшылығы енгізіп отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Жаңа жәшіктер орынды аз алады. Құрылғылар Финляндия елінде шығарылған. Оның әрқайысысы шамамен 1 млн теңге тұрады. Мәлім етілгендей, әкімдік тарапынан қаржы бөлінген жоқ. Бүкіл шығынды дистрибьютор компания көтерген. Әзірге мұндай жәшіктер тек екі тұрғын үйдің маңында орнатылды. Егер бұл қанатқақты жоба сәтті жүзеге асса, Астананың басқа ғимараттарының жанында да заман талабына сай қоқыс жинайтын контейнерлер пайда болады.

"Жер астына қоқыс контейнерлерін орналастырып жатырмыз. Қанатқақты жоба бойынша 2 мекенжайға орналастырылды. Ол 4-5 есе аз орын алады. Далада жүрген ит-мысық, жел салдарынан қоқыс ауланы ластамайды. Неше түрлі иіс болмайды", - дейді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Ришат Тұрдыбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу