Заманауи технология сатып алған фермаларға қосымша төлем төленеді

576

Заманауи технология сатып алған фермаларға қосымша төлем төленеді

ШҚО-да ағымдағы жылы 5 сүт-тауар фермасы салынып, 13-і күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлады ШҚО Ақпараттық орталығы.

Халықтан сүт жинау жүйесін дамыту аймақтағы кәсіпорындардың жүктемесін 60%-ға арттыруға мүмкіндік береді, ал жергілікті тұрғындар қосымша табыс табады.

"Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында сүтті  мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында 6 сүт тауар-фермасы (СТФ) салынса, тағыда 17-не жөндеу жұмысы жүргізілді және 33 сүт қабылдау пункті (СҚП) бой көтерді. Қайта өңдеу кәсіпорындарына 63 мың тоннадан астам шикізат жиналса, оның 12 мың тоннасы жергілікті халықтан алынды. Осылайша зауыттардың жүктемесі 42%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 7%-ға жоғары", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, аймақта заманауи технологияларды сатып алған фермаларға қосымша төлем төлеу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде қондырғы үшін кеткен шығынның орнын тезірек толтыруға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу