Заманауи ұрыс техникасын Қазақстанда шығара аламыз – Тоқаев

622

Тоқаевтың сөзінше, Бронды техника, дрон мен заманауи ұрыс қаруларын өзімізде де шығаруға болады.

Заманауи ұрыс техникасын Қазақстанда шығара аламыз – Тоқаев

Қазіргі күрделі геосаяси ахуалда Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге  дайын болуы тиіс. Сондықтан заманауи ұрыс техникасын өндіруді қолға алған жөн. Бүгін әскерилердің оқу-жаттығу жиынына қатысқан Президент осылай деп мәлімдеді.

Әскерді жоғары технологиялық қару-жарақпен қамту үшін жергілікті өнімнің үлесін арттыру қажет. Оның үстіне Дүниежүзілік қорғаныс жүйесінде ауқымды өзгерістер болып жатқанын елемеуге болмайды. Ұрыстардың әдіс-тәсілдері де басқа. Шабуылдар әскери ғана емес, ақпараттық, технологиялық, психикалық, тіпті саяси сипат алуы мүмкін -деді президент.  

"Бронды техника, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары, заманауи атыс қарулары  мұның бәрін біз өзімізде шығара аламыз. Жалпы, қорғаныс-өнеркәсіп кешені әскеріміздің жауынгерлік қабілетіне сенімді тірек болуы қажет. Әскери даярлыққа және командирлердің кәсібилігіне жоғары талап қойылады. Сондықтан қазіргі заманғы ұрыс жағдайында бөлімшелер негізгі күштен бөлек, дербес әрекет етуге дайын болуы қажет", - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу