Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды

1807

Суыт хабарды қызы Құралай Нұрқаділова мәлім етті. 

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды Фото: жеке архив

Марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрқаділова Нұрбике Ілімбайқызы өмірден озды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгін түнде еліміз үшін маңызды тұлға қайтыс болды. Ол Заманбек Нұрқаділов тұлға ретінде қалыптасқан жылдары оның серігі болған әйел. Ақылды, білімді және саяси сауатты Нұрбике Ілімбайқызы өте қарапайым әрі зиялы жан еді. Ол туралы көп айтуға болады. Осы жылдар ішіндегі оның үнсіздігі туралы да. Ол Кеңес Одағы кезінде және одан кейінгі ел туралы көп нәрсе айта алар еді. Барлық тарихи деректі есте сақтайтын, өте қызық етіп баяндап беретін. Оны білетіндердің бәрі анамның даналығына таңданатын. Иманды бол, анашым, қолымнан келгеннің бәрін жасадым!", – деді қызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу