Заң бұзған Африка азаматтары елден шығарылды

355

Олар мәжбүрлі түрде елден шығарылып, Отанына қайтару жұмыстары ұйымдастырылды.

Заң бұзған Африка азаматтары елден шығарылды Фото: Polisia.kz

"Заңсыз" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Алматының көші-қон қызметі Африка құрлығының 3 азаматын мәжбүрлі түрде елден шығарып, Отанына қайтаруды ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шетелдіктер Қазақстанда болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған. Атап айтқанда, олар заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот шешімімен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды, - деді, Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу