Заң бұзған дәріхана қызметкерлері мен азаматтар жауапқа тартылды

661

17 қылмыстық іс қозғалған.  

Заң бұзған дәріхана қызметкерлері мен азаматтар жауапқа тартылды

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчидидің айтуынша, қазіргі кезде дәрі-дәрмек бағасын асыра көтеру, заңсыз дәрі сату тәрізді заң бұзушылықтардың алдын алу жедел шаралары жүргізіліп жатыр.

"Індеттің таралуына байланысты дәрі-дәрмекке сұраныстың көбейгенін пайдаланып бірқатар дәріхана қызметкерлері мен жеке тұлғалар заң бұзушылыққа барған. Бірнешеуін айтып өтейін. Қылмыстық кодекстің 274-бабы "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу" жөнінде 17 іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 30 фактіге қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызметі үшін 8 тұлғаның үстінен іс қозғалды. Фармацевтикалық қызмет пен дәрі-дәрмек айналымын бұзған 2 жағдай тіркелді", – деді Алексей Калайчиди.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу