Заң бұзғандарға 22 миллион теңге айыппұл салынды

881

Заң бұзғандарға 22 миллион теңге айыппұл салынды

1 қазан – 1 қараша аралығында ҚР инвестициялар және даму министрлігі "Абайлаңыз, қауіпті жүк!" акциясын өткізді. Шараның мақсаты - қауіпті жүк тасымалдайтын автокөлік құралдарына бақылауды күшейту, деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.

Бір ай мерзім ішінде еліміздің территориясында қауіпті жүгі бар 1018 автокөлік құралы тексерілді. Атап айтқанда, жүкті тасымалдау шарты, қажетті құжаттар, көлік құралының техникалық жағдайы, жүргізушілердің еңбек және тынығу тәртібін ұстануы тексерістен өткізілді.

Тексерілген автокөлік құралдарының 415-інде заң бұзушылықтар анықталған. Оларға 22,5 млн теңге айыппұл салынды. Автожолмен жүріп өту алымы 2,7 млн теңгені құрады. Заң бұзушылықтардың 377-сін қазақстандық тасымалдаушылар жасаса, 38-ін шет ел тасымалдаушылары жасаған. 2016 жылдың сәйкес кезеңінде өткен акцияда тексерілген 1203 автокөлік құралының 221-нен заң бұзушылық анықталған. Ал, одан бір жыл бұрын 1220 көліктің 169-ында заң бұзушылық болған. Нәтижесінде 2016 жылы жазылған айыппұлдар сомасы 12,1 млн теңгені құраса, ҚР территориясымен автокөлік құралдарының арнайы рұқсаттамасыз артық салмақ параметрлерімен өткені үшін салынатын алым 2,7 млн теңгені құраған  (сәйкесінше 2015 жылы – 12,9 млн теңге және 1,9 млн теңге).

Айта кету керек, жүк тасымалдау (сақтау, арту, түсіру) кезінде жарылысқа, өртке, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдануына себеп болатын, сонымен қатар, адамның, жануардың өліміне, жарақат алуына немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын, қоршаған ортаға зиян келтіретін кез келген материал немесе қалдықтар қауіпті жүктерге жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу