Заң бұзушылықтарға жол берген 422 нысан мен бір кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

1167

Министрлік 9 мыңнан астам өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының бұзылғанын анықтады.

Заң бұзушылықтарға жол берген 422 нысан мен бір кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

Министрлік 9 мыңнан астам өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, бекітілген кестеге сәйкес 608 тексеру жүргізді. Оның барысында 7 мыңнан астам қауіпті өндірістік нысан тексерілген.

Сонымен қатар, 445 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның 354-і бұрын берілген бұйрықтардың орындалуын бақылау, 39-ы мемлекеттік органдардың (прокуратураны қоса алғанда), 10-ы жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша және 42 басқа мәселелер бойынша тексерілді. 4999 нысан жоспардан тыс тексеруден өтті.

Тексеру қорытындылары бойынша, 19130 өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды. Қостанай облысы сотының шешімі бойынша өрескел заң бұзушылықтарға жол берген 422 нысан мен бір кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша барлығы 967 әкімшілік айыппұл салынған екен. Оның 584-і заңды тұлғаларға, 383-і жеке тұлғаларға салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу