Заң шықты екен деп әйелдер күйеулерін халық жауындай ұстап беріп жатыр – Сара Тоқтамысова

280

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасына пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Заң шықты екен деп әйелдер күйеулерін халық жауындай ұстап беріп жатыр – Сара Тоқтамысова Фото: @sarkanai

"Мен зорлық-зомбылық, ұрып-соғу дегенге түбегейлі қарсымын. "Қарсы емеспін" дейтін әйел жоқ шығар. Қисық қабырғаңнан жаратылған жанды өз әлеміңе сай етіп түзеп аламын деу – ең ақымақ еркектің қағидасы. Оны ұрып-соғып тәрбиелей алмайсың. Егер әйелің көзіңе жын боп көрінсе, басқа жолын тап. Одан ба босата сал. Ұрып-соғып, әке-шешесінен боқтап жөнге салу деген бос әурешілік. Әйелге қолын тигізіп, әке-шешесінен боқтаған күні еркек өзінің "еркек" деген құнын түсіріп алады. Осыны ойлаңдар, азаматтар", – деп жазды ол.

Айтыскер бұл мәселенің екінші ұшы бар екенін де айтты. Ол қанша жыл отасқан күйеуін күйе жағатын әйелдерге де наразылығын білдірді.

"Мұның екінші жағы бар. Қазақстанда заң шықты екен деп қанша жыл отасқан күйеуін халық жауы ұқсатып ұстап беріп жатқан әйелдер де шығып жатыр. Біздің, әйелдердің, тіліміз өте ұзын. "Қой" дегенде қоя салмай кей жігіттің тілін шығарамыз. Сондықтан болған жайтты жұртқа жайып, жөнсіз-жобасыз күйеуіне қара күйені жағып, өзі сүттен ақ, судан таза болатын әйелдерді Құдай кешірсін. Ешқашан тек бір жақ кінәлі болмайды, соны сарапқа салып ойлану керек деп ойлаймын. Біреудің өміріне араласып, пікір жазып уақытыңды бос кетірмей, өзіңме айналыс,өзіңе арна уақытты", – деп түйіндеді Сара Тоқтамысова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу