Заң университетінің 35 пайыз акциясы сатылады

2090

Қаржы министрлігі М. С. Нәрікбаев атындағы Қазақ ұлттық заң университеті мен "Қаржы академиясы" АҚ сатуға шығарды.

Заң университетінің 35 пайыз акциясы сатылады

Мемлекет заң университетінің 35%, ал "Қаржы академиясының" 100% акциясын сатпақ. Университет пен академия 7 маусымда аукцион әдісімен сатылады. Өтінімдер 7 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша таңғы сағат 8-ге дейін қабылданады. Аукцион шарттарына сәйкес бастапқы баға алдын ала жарияланған қаржыдан көтеріледі және ең жоғары баға ұсынған тұлға жеңімпаз деп танылады. Мысалы, университеттің бастапқы бағасы 1 млрд 746 млн 350 мың теңге болса, ал "Қаржы академиясы" - 4 млрд 202 млн 775 мың теңге деп бағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу