Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қоғам арасында терең орныққан құндылықтардың иерархиясына арналған әлеуметтік зерттеу жүргізді.
– Сауалнама нәтижесіне сәйкес "Заң және Тәртіп" қағидаты азаматтарымыз үшін аса маңызды саналатын жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді ("Әділдік" – 84,1%, "Заң және Тәртіп" – 83,5%, "Еңбек" – 83,4%). Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде "Заң және Тәртіп" қағидатын одан әрі орнықтыру және құқықбұзушылықтың кез келген түріне "мүлдем төзбеушілік" ұстанымын қалыптастыру қажеттігіне баса назар аударғаны тегін емес, – деп жазды Ерлан Қарин.
Айта кету керек, заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі және оны бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі.
Сондықтан әлемнің көптеген елінде тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға деген қоғамдық сұраныстың өзектілігі артып келеді.