Заң жобасында ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 37 389 теңге болып белгiленген

988

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш мөлшері 3 180 теңге болады. Мұндай түзету "2022- 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында көзделген, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Заң жобасында ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 37 389 теңге болып белгiленген

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында талқылауға шығарылған заң жобасында 2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 20 191 теңге;

- зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;

- жәрдемақы және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;

- базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 37 389 теңге болып белгiленген.

Айта кетерлігі, 2022 жылдың қаңтарында ең төменгі зейнетақы мөлшері – 46 302 теңгеге дейін, ең төменгі базалық зейнетақы төлемі 19 450 теңгеге дейін өсті.

Сонымен бірге жәрдемақы және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге болып бектілді.

Ал базалық әлеуметтiк төлем мөлшерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 36 018 теңгеге дейін артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу