Заңды бұзған азаматтарды міндетті түрде жауапқа тарту керек – Президент

265

Президент "Таза Қазақстан" акциясына айрықша тоқталып, бұл жоба аз уақыт ішінде бүкіл елді біріктіріп, жалпыұлттық сипатқа ие болғанын атап өтті. 

Заңды бұзған азаматтарды міндетті түрде жауапқа тарту керек – Президент Фото: akorda.kz

– Осы бастамаға шымкенттік ағайын да белсене атсалысып жатыр. Былтыр қалада 200-ден астам аула мен қоғамдық орын тазартылды, 200 мыңнан астам ағаш отырғызылды. "Таза Қазақстан" айналаны тазалаумен немесе сенбілікке шығумен шектелмейді. Оның ауқымы және мағынасы өте кең. Тазалық дегеніміз – ең алдымен, ішкі мәдениеттің өлшемі. Еліміздегі әр азаматтың жаны таза, қолы мен ісі таза болса, шын мәнінде озық ойлы ұлтқа айналамыз. Осы маңызды істе Шымкент қаласы өзінің "шырайлы" деген атына сай болып, көш бастауы керек. Елімізде заң мен тәртіп біржола үстемдік құруға тиіс. Бұл – мән-мағынасы ерекше мақсат. Бауыржан Момышұлының "Тәртіпке бас иген құл болмайды" деген сөзі ешқашан маңызын жоғалтпайды. Заңды сақтап, тәртіпке бағына білсек, мақсатымызға жетеміз, кез келген дағдарысты еңсере аламыз. Қазіргі бұлыңғыр заманда елімізге заңға негізделген тәртіп ауадай қажет. Заңды бұзған азаматтарды міндетті түрде жауапқа тарту керек. Басқа жол жоқ. Осылайша, әділетті, қауіпсіз, қуатты және таза Қазақстанды құрып, өркендеген ел боламыз, – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Президент Шымкент жұртшылығына ризашылығын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу