Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, былтыр кәсіпорындардың IT-қызметтерге жұмсаған жалпы шығындарының (777,3 млрд тг) 36,4%-ы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге және сүйемелдеуге кеткен – 283,1 млрд тг, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оның ішінде шетелдік бизнес бұл бағытта қаржының 83,4%-ын жұмсаған (7,4 млрд теңгенің 6,2 млрд теңгесін), отандық бизнес – 39,2% (589,8 млрд теңгенің 231,1 млрд теңгесін), мемлекет – 25,4% (180 млрд теңгенің 45,8 млрд теңгесін).
Одан кейінгі орында басқа IT-қызметтер орналасты – 185,8 млрд теңге. Бұған компьютерді орнату, жөндеу, бағдарламалық жасақтаманы орнату қызметтері кіреді.
Айтарлықтай үлкен шығындар қосымшаларды орналастыруға жұмсалған – 106,4 млрд теңге (13,7%). Жалпы көлемнің оннан бір бөлігі электрондық мемлекеттік ақпараттық жүйелердің инфрақұрылымын басқаруға тиесілі – 73,2 млрд теңге. Үздік бестікті консультациялық қызметтер қорытындылайды – 44,7 млрд теңге.