Заңды тұлғаларды тіркеу құзыры "Азаматтарға арналған үкіметке" берілді

1414

Бұдан бұрын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданған құжаттар өңдеу үшін ҚР Әділет министрлігіне жіберілетін.

Заңды тұлғаларды тіркеу құзыры "Азаматтарға арналған үкіметке" берілді

"Заңды тұлғаларды тіркеу құзыры ҚР Әділет министрлігінен Азаматтарға арналған үкіметке өтті. Енді біз заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдап қана қоймай, өңдеп, мемлекеттік тіркеуге қоятын боламыз. Бұл қызметті атқару үшін әділет министрлігінің аймақтық бөлімшелерінен 98 қызметкер бізге ауысты, оған қоса біз 197 қызметкерімізді оқытудан өткіздік",– деп жазды facebook-тегі ресми парақшасында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Сондай-ақ, көлікті тіркеуге қатысты құжаттарды, жүргізуші куәлігіне өтініштерді корпорация мамандары қабылдайды, онда жүргізілетін емтихандарды да автоХҚКО қызметкерлері өткізеді. Ал барлық қабылданған өтініш ІІМ-нің арнайы құрылған бэк-офистеріне өңдеу үшін онлайн түрде жіберіліп отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу