Заңды тұлғалардың басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген

437

Тіркелген 496 мың заңды тұлғаның 375 мыңы жұмыс істеп тұр.

Заңды тұлғалардың басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген

1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 496 мың заңды тұлға тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 5%-ға (472 мың) өсті. Оның 375 мыңы жұмыс істеп тұрған заңды тұлға мәртебесіне ие, деп хабарлайды inbusiness.kz статистика бюросының мәліметіне сүйеніп.

Егер қызметкерлердің санына байланысты олардың көлемі бойынша бөліп қарасақ, шағын кәсіпорындардың саны басым:

  • Шағын – 488 мың (100 адамға дейін),
  • Орта – 6,4 мың (101-ден 250 адамға дейін),
  • Ірі – 2,4 мың (250 адамнан астам).

Меншік нысандары бойынша компаниялардың негізгі үлесі жекеменшік:

  • 5% – мемлекеттік,
  • 87,5% – жекеменшік,
  • 7,2% – шетелдік.

Кәсіпорындардың көпшілігі көтерме және бөлшек саудамен айналысады. Ең көбі автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу салаларында – 140 мың. Ең азы – өнер, ойы-сауық және демалыс саласында – 7 мың.

Өңірлер бөлінісінде заңды тұлғалардың басым бөлігі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген, тиісінше 137 мың және 90 мың. Үшінші орында Қарағанды облысы – 28 мың субъект. Кәсіпорындардың ең аз саны Жетісу және Абай облыстарында – әрқайсысында 7,8 мыңнан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу