Еліміздегі банктер заңды тұлғалардың депозиттерінен қағылуда. Қазір барлық қаржы орталықтарының тек екеуі ғана депозит мөлшерін сақтап қалған. Өзгелердегі салымдар төмендеген, деп хабарлайды Atameken Business.
Мәселен, биылғы жылдың І тоқсанында банктердегі корпоративті салымдар көрсеткіші 2 пайызға қысқарды. Жалпы осы мерзімде қаржы орталықтарындағы барлық салымдардың мөлшері 8,11 триллион теңгені құраған. Былтыр бұл көрсеткіш көлемі 3 пайызға артық болған еді.
Бұдан бөлек бизнес сегментінің банктердегі депозиті азайған. Былтыр барлығы 50,8 пайыз кәсіпкерлердің жинағы болса, биыл 48,7 пайызға теңесті. Ал 2010 жылы тіпті 72,9 пайызы банк сақтауында болған.