Заңды тұлғалардың қолма-қол ақша алу талаптары өзгерді

1630

Жаңа ережелер 2020 жылдың 1маусымнан бастап күшіне енеді.  

Заңды тұлғалардың қолма-қол ақша алу талаптары өзгерді

Заңды тұлғалардың есепшоттарынан қолма-қол ақша алу талаптары өзгерді, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

"2020 жылғы 21 сәуір Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалар үшін банктік шоттардан қолма-қол ақша алу жөніндегі талаптардың өзгергені туралы хабарлайды. ҚР ҰБ Басқармасының шешімімен бүгін бекітілген Қолма-қол ақшаға айналдыруға рұқсат берілген соманың шекті мөлшерін белгілеу туралы қағидалар 2020 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді.

Қағидалар: жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, микрокәсіпкерлік субъектілеріне, ауылшаруашылық азық-түлік өнімін, балық өсіру өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, тамақ өнімдерін, сусындарды, фармацевтикалық, медициналық және ортопедия тауарларын бөлшек сатумен айналысатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

Ұлттық Банк заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуы үшін мына шекті соманы белгілейді: шағын бизнес үшін – күнтізбелік айда 20 млн теңге, орта бизнес үшін – күнтізбелік айда 120 млн теңге, ірі бизнес үшін – күнтізбелік айда 150 млн теңге.

Заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банктерге тиісті негіздемені ұсынған кезде белгіленген лимиттен артық алуға рұқсат беріледі. Өз кезегінде, ЕДБ соманы ұлғайтуға арналған өтінімді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен 3 жұмыс күні ішінде келіседі", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу