Заңға "Дінге сенбейтіндердің құқығы" түсінігі енгізілмек

728

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нөкежанов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Заңға "Дінге сенбейтіндердің құқығы" түсінігі енгізілмек

"Біз дінге сенетіндердің де, дінге сенбейтіндердің де құқығын құқықтарын сақтап, қамтамасыз еткіміз келеді. Осыған байланысты нақты түзетулер шеңберінде әлемдік тәжірибені негізге алып, "Дінге сенбейтіндердің құқығы" түсінігін енгізгіміз келеді. Яғни қазіргі уақытта "Дінге сенетіндердің құқығы" бар. Біз зайырлы мемлекетпіз. Дініне, ұлтына, конфессиясына қарамастан бізде заң бәріне жоғары. Заң бәріне ортақ", – деді Ержан Нөкежанов.

Оған сонымен қатар Ауғанстаннан біздің елге жетуі мүмкін "идеологиялық экспорт" туралы сұрақ қойылды.

"Ауғанстандағы ахулаға байланысты Қазақстанның Сыртқы істері минисрлігінің ұстанымына сүйенеміз", – деді ол.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу