Заңгерлер алименттен жалтарғандарға жазаны қатаңдатуды ұсынады

897

Қазір Алматының өзінде 10 мың алимент төлеуші болса, 118 адам жауапкершіліктен қашып жүр.

Заңгерлер алименттен жалтарғандарға жазаны қатаңдатуды ұсынады

Алматыда алимент төлеуден жалтарып жүрген 10 мыңнан астам борышкер бар. Соның ішінде 120 адамның қарызы миллиардтаған теңгеден асады, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы соңғы 5 жылда елімізде алимент төлемінен жалтарған 500-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Өзінің ұрпағының болашағына алаңдамаған, жауапкершілігі жоқ әкелерден алимент өндіру үшін заң талаптарын күшейту керек, дейді заңгерлер. 

"Мейірімсіз күйеу отбасыға сүйеу бола алмайды. Сондықтан әйелінен ажырасып, артынан алимент төлемей жүрген еркектерге қатысты заң талаптарын күшейту керек. Заң осал болған соң олар да әкімшілік жауапкершіліктен қорықпайды. Жаза қатаң болса, олар төлемнен жалтармайтын болады",– дейді заңгер Полина Габдрахманова.

Заңгер борышкерлер өздерінің тұрғылықты мекенжайлары туралы мәліметті жиі ауыстыратындығын айтады. Бұл жағдай оларды қадағалауды қиындатады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу