Заңмен босатылса да, мүгедектер мемлекет қазынасына төлем жасаған

915

Заңмен босатылса да, мүгедектер мемлекет қазынасына төлем жасаған

ШҚО прокуратурасы аумақ мүгедектері ұзақ мерзім бойында төлеуден босатылғанына қарамастан түрлі салықтар мен алымдарды бюджетке өтегенін анықтады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Нақтырақ айтқанда, талдау шарасымен 2015 жылдың қаңтары мен 2017 жылдың маусымы аралығында өңірдің 12 128 мүгедегі мемлекет қазынасына 40 миллион теңге шамасында төлем жасағаны анықталды. Төлемдер мүгедектердің олардан заңмен босатылғанына қарамастан жасалған. Қарастырылып отырған уақыт аралығында мүгедектер жер және мүлік салығын, мүлікті мемлекеттік тіркеу алымдары мен өзге мемлекеттік баждарды бюджетке өтеп келген.

Заң бойынша, мүгедектер негізсіз мемлекет қазынасына ақша төлемдерін жасаса, бұл ақша сомалары мүгедектің арызы негізінде қайтарылуға жатады.

ШҚО прокуратурасы білместікпен бюджетке төлем жасаған мүгедектерге аумақтық мемлекеттік кіріс органдарына жүгінуге шақырады.

Мемлекеттік баж төлемдерін қайтару өткен 3 жылға жасалса, салықтар соңғы 5 жыл бойынша қайтарылады.

Төленген салықтар сомаларын қайтару үшін мүгедектерге аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну қажет.

Алымдар мен мемлекеттік баждар сомаларын қайтару үшін тіркеу немесе рұқсаттама әрекеттерін жасаған органдардан төлемді қайтару негізділігі бойынша қорытынды алып, соңынан салық органына бару қажет.

Төлемді қайтару арызына банктегі есеп-шоттың барлығын растаушы құжат пен төлемнің жасалғанын растаушы түбіртектің түпнұсқасы және көшірмесі қажет.

Өз кезегінде, қадағалау органы мүмкіндігі шектеулі жандар келесі бюджетке келесі төлем жасаудан босатылғандығын естеріңізге салады:

-   жеке тұлғалармен төленетін мүлік, ауылшаруашылық нысандағы жерлер, елді мекендегі жерлер үшін салықтардан,

- жылжитын мүлік кепілін, жылжымайтын мүлікке, авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша алымдардан,

-  нотариалдық әрекеттерді куәландыру, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жеке тұлғаны куәландырушы құжаттар беру, мемлекеттік номерлік белгілер беру, азаматтық хал актілерін тіркеу, зияткерлік меншік саласындағы құқықтық әрекеттерді растау,  соттарда құжат тапсыру үшін төленетін мемлекеттік баждардан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу