Заңнамалық бастамалардың жаңа пакеті қабылданды

930

Заңнамалық бастамалардың жаңа пакеті қабылданды

Қазақстан түрлі халықаралық рейтингтердегі орнын елеулі түрде жақсартты. Мысалға, "Doing Business" рейтингісінің нәтижесі бойынша Қазақстан 2016 жылы 190 экономика арасында 35-орында тұрақтады, осылайша рейтингтегі орны 16 сатыға жоғарылады. Дүниежүзілік банк тобы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар елімізде бизнес жүргізу шарттарын айтарлықтай жеңілдететінін мәлімдеді, деп хабарлайды primeminister.kz..

Аталған бағыттағы жұмысты жалғастыру мақсатында 2017 жылдың І тоқсанында Қазақстанның бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингісіндегі орнын жақсартуға бағытталған заңнамалық бастамалардың жаңа пакеті қабылданды. Соның ішінде, түзетулер миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғауға, салық салу саласындағы рәсімдерді жеңілдетуге, несиелер алып, құрылысқа рұқсат алуға бағытталған, олардың аясында ШОБ субъектілері электрондық тіркелу кезінде бір уақытта банктермен және сақтандыру ұйымдарымен шартқа қол қоя алады, сондай-ақ, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне тұра алады, сотқа арыз беру рәсімдері жеңілдетілген, жаңа құрылыс нысандарына техникалық төлқұжат әзірлеу талаптары алынып тасталған.

Бұдан өзге, қазіргі таңда "Кейбір заңнамалық актілерге кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы әзірленіп, үкіметке жіберілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу