"Заңның атауы дұрыс емес": шетелге кеткен ақшаны қайтаратын құжат Мәжіліске түсті

1109

Былтырдан бері Тоқаев шетелге кеткен ақшаны қайтаратын заң әзірлеуді тапсырып келеді

"Заңның атауы дұрыс емес": шетелге кеткен ақшаны қайтаратын құжат Мәжіліске түсті Фото: inbusiness.kz

Екі ай өтсе де Мәжіліс депутаттары отырыстың регламентін әлі білмейді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қошанов талқылау кезінде - сауал жолдайтын, қорытынды әзірлеуде - ұсыныс айтатын әріптестерін түзеумен келеді. Мәжіліс спикерінің ескертулерін түсінбей ме әлде қабылдағылары келмей ме беймәлім.

Бүгін кезек шетелге заңсыз шығарылған активтерге келгенде тағы да регламенттен шатасқан депутат болды. Ермұрат Бәпи Президент ерекше назарға алған құжаттың тақырыбы дұрыс емес деп есептейтінін айтты.

Былтырдан бері Тоқаев шетелге кеткен ақшаны қайтаратын заң әзірлеуді тапсырып келеді. Шабандыққа салынған іс енді мәжіліске жетті. Сонымен алдағы уақытта мәжілісмендер заң жобасы мен бірнеше ілеспе құжаттарды талқылайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу